Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда елімізде жұмыс істеп тұрған балабақшаларда орын саны 320 балаға шақтап салынған. Сондықтан да депутаттар олардағы орын санын 500-ге дейін ұлғайту бастамасын көтеріп отыр.
«Біз сарапшылар тобына Алматы мен Астана сынды қалалардағы балабақшалардағы орын санын 500-ге дейін ұлғайтуды ұсынудамыз. Мұндай тәжірибе көптеген елдерде бар. Мәселен, Ресей балабақша тапшылығын жою үшін осындай қадамға барып отыр», - деді Г.Исімбаева.
Айта кетерлігі, Алматы мен Астана қаласында және Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылу деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен біршама төмен болып отыр.