Қазақстанда балабақшаларға арналған жаңа санитарлық нормалар енгізіледі
«Біздің мақсат - төрт жылдың ішінде 3-6 жастағы балаларды 100 пайызға мектепке дейінгі біліммен қамту. Балабақшаларды ашу үшін мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамытуға екпін қойып отырмыз. 2016 жылы 77 мың орынға арналған 825 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары ашылды, соның ішінде 600-і (45 мың орынға арналған) жекеменшік балабақша. Осы орайда 3-6 жастағы балалардың балабақшамен қамту 81,6 пайыздан 85,8 пайызға өсті», - деді министр.
«Бұдан әрі не істеуіміз керек? Біріншіден, жаңа санитарлық нормаларды қабылдау. Қазіргі кезде бұлар орын тапшылығының бірден бір себебі. Жаңа санитарлық нормалар үш ай талқыланып, мыңдаған маман өз пікірлерін білдірді. Бүгінде ұсыныстар Ұлттық экономика министрлігінің қарауында жатыр», - деді Ерлан Сағадиев.
Осы орайда ол жаңа санитарлық нормалар мен ережелер бір айдың ішінде қабылданып қалуы мүмкін екенін жеткізді.