Айта кетейік, мектеп оқушыларын профилактикалық медициналық қарап-тексеру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес жыл сайын өткізіледі.
— Профилактикалық қарап-тексерулердің нәтижелері бойынша балалар арасында көбіне көздің көру қабілетінің нашарлауы, тірек-қимыл аппаратының, ас қорыту жүйесінің аурулары, сондай-ақ стоматологиялық аурулар анықталады, — деп аталып өткен ведомствоның Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Денсаулық сақтау министрлігі мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өткізу бойынша жаңа қағидаларды бекітті.
Балаға қатыгездік көрсетілгені анықталған жағдайда, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы дәл сол күні ішкі істер органдарына және баланың құқықтарын қамтамасыз етуге жауапты жергілікті атқарушы органдарға хабарлауы тиіс.