Сайтта сәби шақтан 17 жасқа дейінгі балалар қауіпсіздігіне қатысты ақпараттар жүктелген, дейді сайтты өз бастамасымен ұйымдастырған Астана тұрғыны Динара Құсайын. Ол сондай-ақ сайтта аналарға арналған блогты да жүргізуде.
Аталмыш сайт ата-аналарға, тәрбиешілер мен мұғалімдерге және ең бастысы - балаларға, сондай-ақ жалпы көпшілікке арналған. Amansabi.kz ақпараттық ресурсына «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қолдау көрсетті.
Алдағы уақытта сайт пайдалы кеңестермен, балалар қауіпсіздігі жайындағы халықаралық сарапшылардың материалдарымен толыға түспек.