Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл республика халқының жалпы санының 33,6 пайызын құрайды.
Балалардың 62,3 пайызы қалалық жерлерде, ал 37,7 пайызы ауылдық жерлерде тұрады.
– Ұл балалардың үлесі 51,4 пайызды, қыз балалардың үлесі 48,6 пайызды құрайды, – делінген хабарламада.
Ел бойынша балалар ең көп тұратын өңір – Түркістан облысы. Мұнда 910,4 мың бала тұрады.
Сондай-ақ балалар саны бойынша Алматы қаласы екінші орында. Мегаполисте 688,9 мың бала тіркелген. Ал Алматы облысында 572,3 мың бала тұрады.
– Бұл көрсеткіштер тиісінше республикадағы барлық балалардың 13,2, 10 және 8,3 пайызын құрайды, – деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы.
Соңғы бес жылда еліміздегі балалар саны 4,4 пайызға артқан.
Айта кетейік, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында балаларға 2,3 млрд доллар бөлінді.