Бұл туралы іс-шараның ұйымдастыру комитетінен хабарлады.
Фестивальдың мақсаты шығармашыл балаларды анықтап, талаптарын шыңдауға қолдау көрсету, қоғамда бейімделуіне қолғабыс ету, мүгедек балалардың проблемаларына қоғамның назарын аударту болып табылады.
Осы күндері республиканың барлық облыс орталықтарында қазылар алқасының қатысуымен фестивальдің бірінші іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Бүгінгі күні Алматы қаласы мен Талдықорған, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан номинаттар анықталуда. Балалар өнерлерін вокал, музыкалық аспап, хореография, шахмат, ерекше өнер және көркем сурет жанрлары бойынша ұсынуда. «Жұлдызайдың» бұдан арғы бағыты Ақтөбе, Орал, Ақтау, Өскемен, Қостанай, Көкшету, Петропавл, Павлодар және Қарағанды арқылы өтіп, Астанада байқаудың екінші іріктеу кезеңін ұйымдастыру. Елордада мүгедек балалар үшін шеберлік сабақтар өткізілетін болады. Фестиваль ағымдағы жылдың 1 маусымында гала-концертпен аяқталып, жеңімпаздар салтанатты жағдайда марапатталады. Гала-концертте жүзден жүйрік шыққан 500 бала өнер көрсетеді деп күтілуде.
Аталмыш фестиваль жыл сайын жаңа есімдерді ашып келеді. Бұл жолы «Жұлдызай» фестиваліне мүмкіндігі шектеулі 4 мыңнан астам бала қатысуға ниет білдіріп отыр.