АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы балалардың семіздікке шалдығу проблемасын зерттеу ісіне ден қоймақ. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталған орталықтың директоры Жәмила Баттақова мәлім етті.
«Біз балалардың семіздікке шалдығуын зерттеу бойынша жобаны жүзеге асырамыз. Негізінен зерттеумен 8-9 және 11-13 жас аралығындағы балалар қамтылады», - деді ол.
Ж.Баттақованың атап өтуінше, зерттеу нәтижелері мен нұсқаулықтар облыстарға жіберіледі. Ал аймақтағы орталықтың өңірлік бөлімшелері оларды кәдеге жарататын болады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.