Қазақстанда балаларға арналған әлеуметтік мекемелердегі балалар саны азайып жатыр

АЛМАТЫ. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2007-2012 жылдары балаларға арналған әлеуметтік мекемелердегі балалар саны 32 пайыз, ал мекемелер саны 14 пайызға қысқарды.

Бұл туралы Алматыда өткен І «Балабандия» балалар қайырымдылық циркі фестивалі кезінде айтылды. Алматы қаласының әкімдігі, «Бала бақыты» қайырымдылық қоры және «Amanat Insurance» сақтандыру компаниясы ұйымдастырған бұл шараға қоғамдық мекемелердегі балалар мен өзге де жас алматылықтар қатысқан болатын. «Балабандия» қайырымдылық циркі фестивалінің директоры Жанар Жапарованың айтуынша, фестивальді ұйымдастырған «Бала бақыты» қайырымдылық қоры балалар үйінен шыққан түлектердің әлеуметтік бейімделуі бағытында жұмыс жасайды. Бұл жолы балалар Шығыс Қазақстан облысы мен Орал, Өскемен, Карағанды, Қызылорда, Қостанай қалаларынан әкелінді. Жалпы 2012 жылдың деректері бойынша Қазақстанда соңғы бес жыл ішінде балаларға арналған әлеуметтік мекемелердегі балалар саны 32 пайызға, ал мекемелер саны 14 пайызға қысқарған. Бұған қарамастан, балаларға арналған әлеуметтік мекемелер әрқашанда қажет бола бермек. Бүгінгі таңда Қазақстан балаларының әлеуметтік ынтымақтастығын күшейту мәселесі туындап отыр. Себебі, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен кішкентай мүгедектер амалсыздан өмір сүретін оңаша орта, олардың болашақ ересек өміріне ықпалын тигізеді. Яғни, мемлекет әлеуметтік бейімделу бойынша арнайы шараларды қолға алуы қажет