«Асқар Ұзақбайұлы, ағымдағы жылдың ақпан айында Атырау қаласында балық шаруашылығын дамыту мәселелері жөнінде көшпелі жиналыс өткізген болатынсыз. Сонда саланың дамуына кедергі келтіретін негізгі кедергілерді анықтауға бағытталған бірқатар тапсырма жүктедіңіз. Біз бизнеспен бірге талдау жүргізіп, басты 3 мәселені анықтадық.
Бірінші, су қоймаларын балық аулаудан балық өсіруге бейімдеу. Екінші, заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу. Үшінші, мемлекеттік қолдау шараларын арттыру», - деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі.