Бұдан бұрын хабарланғандай, кеше боранға байланысты Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жолдар жабылған еді. Атап айтқанда, Алматы облысы аумағындағы «Үшарал-Достық» жолының 83-184 шақырымындағы Көктума мен Достық аралығында көлік қозғалысы шектелді.
Жамбыл облысында «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 534-593 шақырымындағы Айша Бибі-ОҚО шекарасына дейінгі учаскесі жабық болды. Ал Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 593-611 шақырымындағы Жамбыл облысы шекарасынан Ақбиік ауылы аралығында көліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынған еді.
«Қазақавтожол» РМК-ның мәліметінше, боран болған аймақтардағы жол учаскелерінде арнайы техника қардан тазарту жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі уақытта еліміздің аумағындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте жүзеге асырылып жатыр.