Министрдің айтуынша, жалақы мәселесіне қатысты бірқатар елдердің тәжірибелері сараланған. Атап айтқанда, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония елдерінде белгілі бір біліктіліктер бойынша олармен атқарылатын жұмыстың ауқымы, сапасы және жағдайына қатысты жалақының шекті көлемі белгіленеді. «Мұндай жағдайда жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу бойынша бір-біріне жақын біліктіліктер бойынша айтарлықтай теңсіздіктер туындамайтын болады», - дейді Т. Дүйсенова. Оның сөзіне қарағанда, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында дәл осындай жүйе әзірленген, қазіргі уақытта бұны барлық мұнай-газ саласына тарату мәселесі көзделуде. «Бұдан кейінгі кездері осы мәселелерді басқа салалардың кәсіптік одақтарымен бірлесе қарастыру жоспарлануда», - дейді министр.