Бүгін Парламент Сенатында «ҚР қылмыстық-іс жүргізу заңнамасында соттық тергеу институтын дамыту» атты тақырыпта өткен «дөңгелек үстел» барысында Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Оңалсын Жұмабеков осылай мәлім етті.
«Соттық тергеуге қатысты тиімсіздіктің негізгі факторы оның біржақтылығы мен шалалығы болып табылады. Бұнымен қоса, соттық тергеудегі біржақтылықты қылмыстық іс бойынша айғақты білдіретін фактілердің және жағдайлардың тергелмегендігімен, ал шалалығын - бұндай фактілер мен жағдайлардың дәлелсіз қалу шегімен байланыстыруға болады», - деді О. Жұмабеков.
Жоғарғы Сот кеңесінің төрағасы бұл ретте осындай факторлардың іс жүргізудегі олқылықтарға жиі себеп болатынын айтады. «Бұдан әрі соттық тергеудің біржақтылығы мен шалағайлығын түзеудің бір құралы ретінде қылмыстық үдерістерді бәсекелестік қағидатына негіздеп дамыта түсу қажет», - деді О. Жұмабеков.