«Жекешелендіру үшін ұсынылған тізбеде елдi мекендердi көркейту және қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару, автожолдарды жөндеу, автобустық және троллейбустық парктер, балалардың сауықтыру лагерьлері және тағы басқалары бар»,-деді Е. Досаев. Коммуналдық меншік бойынша 416 ұйым (ӘКК ескерусіз) жекешелендірілінетін болады. Оның сөзіне қарағанда, коммуналдық меншік құрылымында бүгінде 82 пайызы әлеуметтік сала ұйымдары құрайды. Осы орайда олардың жекешелендіру әлеуеті әзірге төмен болып отыр, сондықтан да бұл нысандар коммуналдық меншікте қалмақ. Олар - білім білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет ұйымдары. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы былтырғы жылдың 11 қазанында кеңейтілген үкімет мәжілісінде үкіметке жекешелендірудің екінші толқынында кәсіпорындар санын ұлғайтуды қамтамасыз етуді тапсырды.
13:23, 29 Сәуір 2014
Қазақстанда бәсекелестік ортаға автобус парктері мен балаларды сауықтыру орталықтары беріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда бәсекелестік ортаға автобус парктері мен балаларды сауықтыру орталықтары беріледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.