«Бүгінде біз Бәсекелестікті қорғау комиссиясын үкіметтік деңгейде құрып отырмыз. Оны бәсекелестік мәселелерін қарастыратын вице-премьер басқаратын болады. Оның құрамына мемлекеттік органдар да, бизнес өкілдері де кіреді. Комиссия шеңберінде бәсекелестікті дамыту мәселелері талқыланатын болады », - деп атап өтті Мәтішев. Оның айтуынша, монополияға қарсы органның басты міндеті бәсекелестікті дамыту емес. «Біздің басты міндетіміз - бәсекелестікті қорғау, сондықтан мемлекеттік органдар өздерінің саласында бәсекелестікті дамытуға назар аударатын боламыз», - деді ол.
12:33, 13 Маусым 2014
Қазақстанда Бәсекелестікті қорғау комиссиясы құрылуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Бәсекелестікті қорғау комиссиясы құрылуда. Бұл туралы бүгін Астанада өткен "ҚР Монополияға қарсы заңнамасы және Бірыңғай экономикалық кеңістік" форумы барысында ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары Әлиақпар Мәтішев айтты.