«Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда автожол құрылысының жоғары құнына қатысты сұрақтар жиі қойылып жатады. Осы орайда, біздің автомобиль жолдарының орташа құны жолдың санатына, жол жабындысының құрылымына байланысты 1 млн-нан 2,5 млн долларға дейін жететіндігін атап өткім келеді. Ал көрші елдерде, Еуропа мемлекеттерде ол 3 млн-нан 5 млн долларға дейін жетеді», - деді Берік Камалиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Оның атап өтуінше, жобаның құны жоба-сметалық құжаттаманың негізінде «Мемсараптама» РМК-ның мемлекеттік сараптамасынан өткеннен кейін айқындалады. Ал жұмыстардың сапасы жұмыстарды қабылдау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес тексеріледі.