Қазақстанда баспананы алып-сату 24,4% артты
09:42, 07 Тамыз 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-шілдесінде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 176 764 құрады және 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4% артты. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сонымен қатар, осы жылдың шілде айында тұрғын үйдісату-сатып алу бойынша тіркелген мәмілелер саны32 465 құрады және өткен аймен салыстырғанда 9,9% азайды.
Асхат Ахметбеков