Оның сөзіне қарағанда, бассейндерді ашу карантиндік шараларды жеңілдетудің екінші кезеңінде қаралады. Яғни, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы мен оның жақсаруына айрықша екпін қойылады.
«Бассейндерге айтарлықтай қатаң талаптарды қоямыз. Сәйкесінше, бизнес-қоғамдастық бұл талаптарға дайын болуы тиіс», - деді ол.
Айта кетейік, 13 тамызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды.