«Биыл корпоративтік секторда әйелдердің басшылық лауазымдарды иеленуі бойынша Қазақстанда зор серпіліс болды. Бұл бағытта біз Орталық Азия елдерінің алғашқы қатарында тұрмыз. Қазақстан – әйелдерді квазимемлекеттік сектор корпорацияларының директорлар кеңесі мен басқармаларында, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында ілгерілету үшін 30% квота бөлген жалғыз мемлекет», - деп тоқталды Азиза Шужеева.
Қоса кетсек, Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның «Жаһандық гендерлік алшақтық-2022» зерттеуінің қорытынысына сай, гендерлік теңдік бойынша 80-орыннан 65-орынға көтерілді.
Сондай-ақ, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы алдағы 3 жылда отбасын қолдау орталықтарының санын 234-ке жеткізуді жоспарлап отыр.