Қазақстанда басымдықты емес салалардағы табысты кәсіпорындарға қолдау көрсетіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда басымдықты емес салалардағы табысты кәсіпорындарға қолдау көрсетіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

«Басымдықты бағдарлама қатарына кірмеген кез келген кәсіпорын өнімділіктің жоғары деңгейі, экспортқа бағдарлығы және толықтай алғанда жоба тиімділігі жағдайы бойынша қолдауға ие бола алады», деді ол.

Оның атап өтуінше, мемлекеттік көмектің шамамен 80 пайызы басымдықты салаларды дамытатын кәсіпорындарға берілетін болады. Ал негізгі қаржы операторы ретінде «Бәйтерек» холдингі анықталған.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Үкіметі индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығын мақұлдаған болатын.