Бұл ретте сандық көрсеткіш секунд сайын ұлғаюда. Дауыс беру 2016 жылғы сәуірдің 1-і мен мамырдың 31-і аралығында ҚР Қорғаныс министрлігінің mod.gov.kz ресми веб-сайтында өтеді. Барынша дәйекті дауыс беру үшін әрбір сайтқа кіруші бір ір-адрестен бір-ақ дауыс бере алады. Таңдау оnline режімде өтеді, дауыстар автоматты түрде сайттың web-парақшасында көрсетіледі. Бұл дауыс беру барысы мен әрбір қатысушы бойынша дауыс санын көрнекі түрде қадағалап отыруға мүмкіндік береді. «Батыр арулар» байқауы Қазақстандағы әйелдердің әскери қызметін жария ету үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бастамасы бойынша ұйымдастырылып отырғанын естеріңізге сала кетейік. Былтырғы жылы тұңғыш байқауға 123 әйел әскери қызметші қатысқан болатын. Қырық күндік онлайн дауыс беру аясында конкурсанттарға өте көп, яғни, 255 725 дауыс берілді. Байқау қазақстандықтардың арасында ғана емес, өзге елдердің тұрғындары арасында да қызығушылық туғызды.
Дауыс беруге Ресей, АҚШ, Германия, Индонезия және Үндістанның пайдаланушылары белсене атсалысты. Нәтижесінде талай сынақтардан сүрінбей өтіп, өздерінің жауынгерлік әзірліктерін, шыдамдылықтары мен күш-жігерлерін дәлелдеген 12 жеңімпаз анықталып, Қазақстан Қарулы Күштерінің лайықты өкілдері екендіктерін мойындатты. Дүбірлі дода соңында кәсіби стилистер қыздарды ажарландырып, жеңімпаздар мамандандырылған күнтізбеге арналған фотосессияға қатысты. Аталмыш күнпарақтың жеке-жеке беттерін «Батыр арулар» байқауының әр жеңімпазы әрлендіре түсті.