Қазақстанда бәйге аттарының бағасы қанша
АСТАНА. KAZINFORM – Ат баптап, оны бәйгеге қосатындар Қазақстанның барлық өңірінен, тіпті шетелден сәйгүлік іздейді. Асыл тұқымды аттың құны бірнеше миллион теңге тұрады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Асыл тұқымды жылқылар
Бәйгеге қаны таза асыл тұқымды жылқыларды қосады. Жылқының бұл түрінің мекені - Англия. Әу баста ағылшын аттары атауы болса, әлемге тараған соң ол да өзгерді.
Сонымен бірге бәйге аттары арасында асыл тұқымды Ахалтеке жылқылары да бар. Арғымақтың бұл түрі араб және қаны таза аттардан қалыс қалмайды.
Қазақстан ипподромдарынан араб жылқысында жиі кездестіруге болады.
Бағасы өзгелерге қарағанда төмен болатын жылқының тағы бір түрі бар. Ол - ағылшын-араб тұқымы. Аты айтып тұрғандай, екі тұқымның қаны араласқан жылқы.
Қайдан және қалай таңдауға болады
Бәйгеге қосар сәйгүлікті табу қиынның қиыны. Таңдау кезінде бірнеше ерекшелігіне назар аудару керек. Қай тұқымнан екені маңызды. Егер еркегі немесе ұрғашысы бәйгеде топ жарып жүрген болса, сәйкесінше бағасы да жоғары болады.
Сонымен бірге баға жылқының жасына қарай өзгеріп тұрады. 3-4 жасар аттар бәйгеге қосуға жарамды деп есептеледі. Егер бәйгеге қосып, жүлдегі орындарға ие болса, құны арта түседі. Қазақстандағы жарнама сайттарында тек соғымға және бағуға арналған жылқы, кейде үйір сатылады. Ал асыл тұқымды аттарды сататын адамдар санаулы ғана. Сондықтан бәйгеге ат қосатын адамдар шетелден, тіпті мұхиттің арғы жағынан сәйгілікті таңдап әкеледі.
Бағасы қанша
Қазақстаннан шықпай-ақ сатып алып, бәйгеге ат қосқыңыз келсе, 270-390 мың теңгеден бастауға болады. Ағылшын-араб жылқыларының ең арзанының құны осындай.
Рейтинг бойынша екінші орында араб жылқысы тұр. Бағасы орта есеппен 300 мың теңгеден басталып, 1 500 000 теңгеге жетеді.
Ал ахалтеке тұқымды жылқы бағасы 550 мың теңгеден басталады. Тіпті бәйгеге қосып, жүлде алу үшін 2 млн 200 мың теңге төлеу қажет болады. Бірақ бұл жылқылардың бағасы одан да қымбат болуы мүмкін.
Ең қымбаты - қаны таза жылқы. Оның бағасы 250 мың теңгеден басталғанымен, құлынының құны бәйгеге қосуға жарамды болуына байланысты бағаланады. Ал асыл тұқымды жылқыға 2,5 млн теңге төлеу қажет.
Еске салсақ, бұған дейін ұсақ мал мен ірі қара бағасы туралы жазылды.
Сонымен бірге Kazinform кейбір үй жануарының бағасы туралы жазды.