Қазақстанда бензин бағасы бұдан ары қарай арзандауы мүмкін - C. Мыңбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда бензин бағасы бұдан ары қарай арзандауы мүмкін. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «ҚазМұнайГаз» компания басшысы Сауат Мыңбаев мәлім етті.

«Бензин бағасының төмендеуі әбден мүмкін. Себебі, қазіргі кезде көптеп жиналған бензин толы ыдыстарды кейіннен жылдамырақ босату талпынысына алып келеді. Сонымен бірге министрлік мұнай өңдеу зауыттарының жүктемесінің көлемін төмендеткен жоқ және мұнай өндіретін компаниялар әзірге ішкі нарыққа жеткізетін көлем бойынша зауыттарға келісім аясында тасымалдап жатыр. Атап айтқанда, қоймалар толып қалды, сондықтан да бағаның бұдан ары қарай төмендеуі әбден ықтимал»,-деді ол.