Есептік кезеңде Қазақстанда 121,8 мың тонна керосин өндірілген. Нақтырақ айтқанда, бұл көрсеткіш өткен жылдың қаңтар-маусым айларына қарағанда 9,4 пайызға артық. Сонымен бірге, 1247,4 мың тонна ( 6,6 пайыз) төмендетілген пропан мен бутан, 2224,3 мың тонна (-0,9 пайыз) газойль, 1505,9 мың тонна мазут (-2,5 пайыз) шығарылған.
Бұдан бөлек, 1014 мың тонна ( 4,5 пайыз) ферроқорытпа, 1461 мың тонна ( 6 пайыз) тегіс прокат, 75,9 мың тонна ( 3,2 пайыз) тазартылған қорғасын, 164,5 мың тонна ( 1,2 пайыз) мырыш, 199,5 мың тонна (-5,7 пайыз) тазартылған мыс өндірілген.
10:10, 16 Шілде 2018
Қазақстанда бензин өндірісі 11,7% артты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында бензин өндірісі 1761,9 мың тоннаға жетті. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 11,7 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.