ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің хабарлауынша, есепті кезеңде дизельдік отын өндірісі былтырға қарағанда 14,4 пайызға артып, 772,9 мың тоннаны құраса, мазут өндірісі 12,9 пайызға төмендеп, 516,2 мың тонна болды.
«2015 жылдың қаңтар-ақпан аралығында 11,137 млн. тонна шикі мұнай және 2,161 млн. тонна газ конденсаты өндірілді. Есепті кезеңде өндірілген табиғи газ көлемі республикада 17,400 млрд. текше метрді құрады. Ал мұнайдың ілеспе газын өндіру көрсеткіші 4,009 текше метрді құрап отыр, бұл былтырғы жылғы кезеңмен салыстырғанда 15,1 пайызға артық», - делінген баспасөз баянында.
Бұдан бөлек, Қазақстанда ағымдағы жылдың өткен екі айында электр энергиясын өндіру 2,7 пайызға төмендеп, 16,876 млрд кВт/сағат электр энергиясы өндірілген. Бұл 2014 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 2,7 пайызға кем көрсеткіш.