Есепті кезеңде 60,7 мың тонна керосин (өткен жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғандағы өсім - 57,2 пайыз), 220,7 мың тонна сұйытылған пропан және бутан (+7 пайыз), 395,9 мың тонна газойль (+9,4 пайыз), 245,4 мың тонна мазут (-29%) өндірілді.
Сондай-ақ, 180,5 мың тонна ферроқорытпа (+5,4%), 69,9 мың тонна жазық прокат (-72,3%), 10,4 мың тонна тазартылған қорғасын (-20,7%), 27,4 мың тонна мырыш (-3,5 пайыз), 36,7 мың тонна тазартылған мыс (+2,8%) өндірілген.
13:27, 13 Ақпан 2019
Қазақстанда бензин өндірісі қаңтарда 30,9 пайызға артты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың қаңтарында бензин өндіру көрсеткіші 378,9 мың тоннаға жетіп, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,9 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Статистика комитетіне сілтеме жасап.