Қазақстанда бензин тапшылығы сезілсе импортерлар бағаны көтеріп жібереді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов бензин бойынша импортқа тәуелділікке қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«2016 жылдың қаңтарында бүкіл әлемнің барлығы бір баррель мұнайға 50 доллар деген баға арзан деп жатса, біз «Атырау мұнай зауытында» тоннасын 50 АҚШ долларына сатып отырдық. Бүкіл әлемнің бағасымен салыстырғанда бұл екі есе арзан еді. Бір жылдың ішінде Үкімет тарапынан көптеген шаралар қолға алынды. Біріншіден, бензин, дизельдік отынның бағасын Үкімет тарапынан реттеу тоқтатылды. Екіншіден, мұнай өңдеу зауытынан шығатын битумге немесе мазутқа экпорттық баж салығы азайтылды. Сол арқылы зауыттарымыз мұнайдың бағасын өсіруге мүмкіндік алды. Қазіргі «Атырау мұнай өңдеу зауытында» баға 50 АҚШ долларының шамасында болса, «Шымкент мұнай өңдеу зауытында» бензиннің мөлшері көп болғандықтан, бағаны 200 АҚШ доллар шамасында ұстап отыр, - деді Әсет Мағауов.

Сондай вице-министрі осындай жұмыстарды қолға алмасақ, мұнай өңдеу зауыттарына беретін өндірушілердің ары қарай жағдай төмендеп, күрделі сұрақтар туындауы мүмкін екендігін жеткізді.

«2014-2017 жылға дейіг Қызылорда, Ақтөбе облыстарында біздің зауыттарға мұнай беретін компаниялар өздерінің мұнайөндіру көлемін 17 миллион тоннадан 12 миллионға дейін азайтты. Сондықтан біздің нарыққа өткен жағдайда қазіргі саясатты жалғастырып, ешқандай Үкімет тарапынан бағаға араласу әрекеті болмауы керек. Соның арқасында Қазақстанның мұнай өндіруі көлемі өседі», - вице-министр.

Оның айтуынша, елімізде бензин жетіспеушілігі сезілсе, Ресейден келетін импортерлер бағаны бірден көтеріп жібереді.

«Ресей Федерациясынан импорт көптеп келеді. Әрине, БАҚ арқылы бензиннің жетіспеушілігі бар деп еститіндіктен, олар келесі күні бағаларын өсіреді. Байқап отырғанымыздай, қаңтар айында бензиннің бағасы онда 200 АҚШ доллары болса, біздегі жанармай тапшылығын естігеннен кейін бағаны 250 АҚШ долларына дейін өсіріп жіберді. Әлбетте, өзіміз бензинді көптеп өндірсек, ондай жағдай болмас еді», - деп түйді ол.