«Биыл ауыл шаруашылығындағы басты аграрлық шараларды егін егу мен жинау жұмыстарын қаржыландыру үшін «ҚазАгро» холдингіне 60 млрд.теңге сомасына бюджеттік несие берілді», - деп мәлім етті «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов.
Бұл қаражатты қарыз түрінде Холдинг пен екінші деңгейлі банктер бірнеше бағыт бойынша өзара бөліп алған. Әр тарап өзіне берілген қаржыны бірнеше бағыт бойынша одан әрі жүзеге асырған.
«Қаражат қарыз түрінде Холдинг пен екінші деңгейлі банктер арасында мына бағыттар бойынша бөлінді:
- ауылшаруашылық тауар өндірушілерін тікелей несиелеу және шағын қаржы ұйымдары мен аймақтық ақпараттық орталықтар арқылы несиелеуге 36 млрд. теңге;
- әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың кепілдігімен астықты форвардтық сатып алу үшін 15,4 млрд. теңге;
- екінші деңгейлі банктер арқылы аймақтағы астық кооперативтерін қаржыландыруға 8,6 млрд. теңге бөлінген»,-деп атап өтті ол.
Н.Маленовтің ақпаратына сүйенсек, 20 шілдедегі жағдай бойынша 60 млрд теңгенің 58,4 млрд. теңгесі 2514 ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне жеткен. Қаржы аясында игеріліп жатқан жер көлемі 5 млн гектар.