Қазақстанда «Бейбіт миссия-2010» бірлескен лаңкестікке қарсы жаттығу өткізу жөніндегі келісім жасалды - Қытайдың Ұлттық қорғаныс министрі

None
АСТАНА.  Желтоқсанның  25-і. ҚазАқпарат -  Қазақстанда «Бейбіт  миссия-2010» бірлескен лаңкестікке  қарсы жаттығу  өткізу жөніндегі келісім  жасалды. Бұл туралы  Қытайдың  Ұлттық  қорғаныс министрі   генерал-полковник    Лян Гуанле  Бейжіңде Қазақстанның Қорғаныс министрі   Әділбек  Жақсыбековпен  болған  кездесуде   мәлім етті, 

 деп   хабарлады      қорғаныс  ведомствосының баспасөз қызметінен.

Қазақстан мен Қытай арасында достастыққа тоқталған генерал-полковник Лян Гуанле, келесі жылы Қазақстан жерінде өтетін «Бейбіт миссия - 2010» жаттығуларына  дайындықтың 3 кезеңін жоғары деңгейде өткізген Қазақстан   тарабына  алғысын жеткізді.

Сапар   барысында Қорғаныс министрі бастаған қазақстандық әскери делегация елдің ең үлкен алаңы - Тяньаньмэньде болып, Халық Батырлары ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Екі елдің әскербасылары ҚХР Қорғаныс министрлігінің үрмелі оркестрінің сүйемелдеуімен құрмет қарауыл жасағын тамашалады. Салтанатты рәсімнен кейін қатысушылар Халық Батырларын бір минуттық үнсіздікпен еске алып, құрмет көрсетті.