деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінен Pm.kz сайтына.
«4-ші сыныптардағы аралық мемлекеттік бақылаудың (АМБ) орташа балы -18,2, 9-шы сыныптарда 70,8 балды құрады»,- делінген ведомство хабарламасында.
Оған қоса, 2011 жылы жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізілген аралық мемлекеттік бақылауға барлық студенттердің 90,7 пайызы қатысқан және олардың орташа көрсеткіші - 82,3 балды құраған. Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша орташа көрсеткіш - 86,7 балл болған.
Сондай-ақ, 2011 жылы 3796 ізденушінің ғылыми атақтары қуатталды (оның ішінде, ғылым докторлары - 588, ғылым кандидаттары - 2040, профессорлар - 313, доценттер - 855).
«2011 жылы еліміздің 25 жоғары оқу орны мен 3 республикалық мекемесінде мемлекеттік аттестация өткізілді. Олардың қорытындысы бойынша 449 мамандық аттестациядан өтті», - деп атап көрсетіледі министрліктің хабарламасында.
Оған қоса, білім беру қызметін лицензиялау ережелері мен Білім беру туралы заңының сақталу сақталмауына қатысты 72 оқу орнында тексеру жүргізілді.