Қазақстанда бір аптада 19 орман өрті тіркелген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың 10-17 шілде күндері Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында 19 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жуалы Орман және жануарлар дүниесін қорғау комитетіне сілтеме жасап.

Өңірлер арасында Ақтөбе облысы бойынша - 5 өрт, Батыс Қазақстан облысында – 9 өрт, Қостанай облысында – 2 өрт, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 өрт, Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде – 2 өрт тіркелген.

«Жыл басынан бері елімізде жалпы ауданы 22 403,25 га болатын 394 орман өрті тіркеліп, жалпы залал 1 883,5 млн теңгені құрады. Облыстық атқарушы органдардың және басқа да мемлекеттік орман иеленушілердің қарамағындағы ормандарда жалпы көлемі 10 282,14 га болатын 216 орман өрті тұтанып, 50 773,8 мың теңге залал келді», - деп хабарлады Орман және жануарлар әлемін қорғау комитетінің баспасөз қызметі.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы ормандарда жалпы ауданы 12 121,11 га өрт болып, 1 832 738,4 мың теңге шығын келді.

Өрт сөндіру барысында Жуалы орман және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясының екі қызметкері жарақат алды.