Қазақстанда бір аптада коронавирустан 64 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 25 – 31 қаңтар аралығында коронавирус инфекциясынан 64 адам қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлер бойынша:

Алматы қаласында - 23;

Павлодар облысында - 8;

Алматы облысында - 6;

Қарағанды облысында - 6;

Нұр-Сұлтан қаласында - 4;

Шымкент қаласында - 4;

Ақмола облысында - 3;

Шығыс Қазақстан облысында - 2;

Батыс Қазақстан облысында - 2;

Қостанай облысында - 2;

Атырау облысында - 1;

Жамбыл облысында - 1;

Маңғыстау облысында - 1;

Қызылорда облысында - 1.

Жалпы пандемия басталғалы елімізде коронавирус 192 825 адамнан анықталса, оның 173 659-ы жазылып шықты. Қайтыс болды – 2540 науқас.