Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 78 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 18 шілде күні коронавирустен қайтыс болған адамдар туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кестедегі мәліметке сай, 18 шілде күні жалпы саны 78 адам коронавирустен көз жұмған: 65 (КВИ ) және 13 (КВИ-).

Өңірлер арасында кісі өлімі көп тіркелген қалалар мыналар: Нұр-Сұлтан қаласы ( 17 КВИ және 3 КВИ-), Қарағанды облысы ( 11 КВИ ), Шымкент (6 КВИ және 4 КВИ-), Атырау облысы (6 КВИ және 1 КВИ-).