«Өткен тәуліктің ішінде ТЖД бөлімшелерінің қызметкерлері 254 мәрте төтенше жағдай оқиғаларының орнына барды. Атап айтқанда, өткен тәулікте ел аумағында 65 өрт жағдайы, 124 оттың тұтану жағдайы, 44 апаттық-құтқару жұмыстары мен 4 іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілді. Әртүрлі сипатта 15 жағдай тіркеліп, 2 хабарламаның жалған екені анықталды. 11 адам құтқарылды. Олардың екеуі бала», - деді Владимир Беккер.
Комитет төрағасы өз баяндамасында 3 табиғи өрт жағдайының және 1 газ балонның жарылу оқиғасы тіркелгенін айтты.
Еске сала кетсек, бүгінгі баяндамасында Владимир Беккер Алматы облысының Жамбыл ауданының Еңбекшіарал ауылында тіркелген қайғылы оқиға туралы айтқан болатын.