Қазақстанда бір тәулікте коронавирустың ІІ дозасын 15,5 мың адам алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 7 қарашадағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентімен 8 403 514 адам егілді, II компонентті 7 666 718 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Коронавирусқа қарсы толық егілгендер бойынша алдыңғы қатарда тұрған өңірлер:

- Алматы қаласы – 951 061 (6 қарашадағы мәлімет - 950 092);

- Түркістан облысы – 922 989 (918 953);

- Шығыс Қазақстан облысы – 817 374 (814 084);

- Алматы облысы – 746 057 (745 065);

- Шымкент қаласы – 521 674 (521 221);

- Қарағанды облысы – 512 058 (511 292).

Еске салайық, 6 қарашаға дейін елімізде I компонентпен - 8 390 029, II компонентпен 7 651 170 адам егілген болатын. 5 қарашадағы дерекке сәйкес, І компонентпен вакциналанды - 8 372 506 адам, II компонентпен - 7 620 215 адам. 4 қарашаға дейін I компонентпен - 8 355 168 адам, II компонентпен - 7 588 601 адам егілген еді.