Олардың ішінде 14 155 өтінім мақұлданды, ал 11 020 қарыз қайта қаржыландырылды. Қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде банктерге бөлінген 130 млрд. теңгеден қалған қалдық - 73,6 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Айта кетелік, 2015 жылы ҚР Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу шараларының бірі ретінде ҚР Ұлттық Банкі ҚР Үкіметімен бірлесе отырып, Ұлттық Банк қаражатынан 130,0 млрд. теңгені бөлу туралы шешім қабылдаған болатын. Ұлттық Банк Басқармасы 2015 жылғы сәуірде Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын бекітті. Нақты мұқтаж қарыз алушыларға көмек көрсету үшін Бағдарламада қайта қаржыландырылуы тиіс қарыздардың нақты критерийлері айқындалып көрсетілген.