Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, мұндай көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады. Бұдан басқа, осы көмекті көрсетудің жаңа тетігін іске асыру аясында еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.
«Ағымдағы жылғы бірінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 124,5 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде топтама алды», - деп мәлімдеді ведомство.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар айында төтенше жағдай режиміне байланысты өткен жылдың соңында АӘК алған азаматтарға төлемдер келесі тоқсанға автоматты түрде ұзартылды. Бұл ретте жаңа алушылар үшін Электрондық үкімет порталы арқылы өтініш беру мүмкіндігі іске асырылды. Қазіргі де қазақстандықтар бұл көмекті алуға тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz порталы арқылы өтініш бере алады.