«Президент Қазақстан халқына Жолдауында биржалық сауданы ретке келтіруді тапсырды. Алғашқы қадам ретінде біз биржалық тауарлар тізімін кеңейтуді жоспарлап отырмыз», - деді Бақыт Сұлтанов.
Сонымен қатар, министр атап өткендей биржаға қатысушылардың санын арттыру мақсатында жеткізу партиясының ең төменгі мөлшері 600-ден 60 тоннаға дейін азайтылған.
«Яғни, біз шағын және орта тауар өндірушілерге өз өнімін биржа арқылы сатуға мүмкіндік беріп отырмыз. Тауар биржасындағы барлық жұмыс сауда-саттыққа қатысушылардың жергілікті және шетелдік деңгейде қатысуын барынша арттыруға бағытталады. Бұл көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге және тауарларға тиісті нарықтық бағаны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Бақыт Сұлтанов.