Министрлік таратқан деректерге қарағанда, Қазақстанда жалпы сомасы 1,9 трлн теңгеге 110 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Осының арқасында елімізде 12 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады.
14:40, 03 Наурыз 2021
Қазақстанда биыл 12 мың жұмыс орны ашылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылы өнеркәсіпте 12 мың жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму мнистрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.