«Көктемде 17 мың қазақстандықты әскер қатарына шақыру көзделіп отыр. Жалпы, әскер қатарына шақыру - жергілікті атқарушы органдар мен өзге де мемлекеттік органдар бірлесе атқаратын кешенді жұмыс», - деді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қарулы Күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Жасақтау басқармасының бастығы, департамент бастығының орынбасары Азамат Дусимов.
Оның айтуынша, жалпы биыл Қазақстанда 35 мыңға жуық жастарды әскер қатарына алу көздеуде. Қазіргі таңда Ұлттық гвардия, Шекара қызметімен бірлескен Қорғаныс министрлігінің негізгі тапсырмаларының бірі - қарулы күштер қатарына шақырылушылар туралы алдын ала мәліметті зерделеу болып отыр.
«Ата-аналарымен, асырап алушыларымен, көршілері мен учаскелік полициясымен кеңес жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жастардың моральдық және жігерлі қасиеттері, денсаулық жайлары, білімі мен отбасылық жағдайлары бойынша жинақталған мәліметтердің негізінде әскерге шақырылушылар туралы нақты ақпарат белгілі болады», - деді ол.