«Егер өткен жылы бізде 20-30 операция жасалса, биылдың өзінде 102 ота жасалған. Бұл өте жақсы қарқынды көрсетеді», - деді Е.Байжүнісов.
Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі ДДҰ арқылы әлемнің барлық елдерінде донорлықты ұйымдастыру бойынша қажетті ақпараттың бәрін алады. Вице-министр айтып өткендей, бүгінгі таңда ведомство әлемнің жетекші елдерінің аталған бағытындағы даму тәжірибесін зерттейді, делінген primeminister.kz сайтында.