«Ағымдағы жылда Экономикалық тергеу қызметі Мемлекеттік кірістер комитетінің стратегиялық дамуының аса маңызды бағыттары бойынша жұмысын жалғастыруда. Нәтижесінде экономикалық қылмыстырды ескерту және жолын кесу бойынша елеулі көрсеткіштерге қол жетті. Салық төлеуден жалтару деректері бойынша 557 қылмыстық іс тіркеліп, өтелген залалдың сомасы 37,6 миллиард теңгені құрды. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысының Экономикалық тергеу қызметі 1,1 млрд. теңге залал келтірген ұйымдасқан қылмыстық топты анықтап, оның қызметінің жолы кесті» - деп атап өтті А.Байманов.
Жалпы, оның деректеріне қарағанда, 2015-2016 жылдарда Экономикалық тергеу қызметі осыған ұқсас 12 топты анықтаған. Олардың қылмыстық қызметі туралы барлық істер сотқа жолданып, кінәлілерді нақты бас бостандығынан айыруға үкім шығарылған.
Сонымен қатар ол Экономикалық тергеу қызметі кәсіпкерлердің қызметіне араласпау қағидасын тиімді жүзеге асырып жатқанын да ескертіп өтті.
«Сонымен қатар, құқыққорғау блогының қызметкерлеріне қатысты халықтың сенімділігін арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, Бас прокуратура және басқа да құқық қорғау және арнайы органдармен бірге құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты халықтың сенімділігін арттыру бойынша ведомстворалық жоспар бекітілді», - деді ол.