«Қазақстанда әйелдердің көпшілігі қызмет көрсету, қонақ үй, сауда, ауылшаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істеп жүр. Бұл үрдіс соңғы 5 жылда өзгерген жоқ. Аталған салалар Қазақстан экономикасының басым бөлігін қамтиды», - деді А.Соловьева.
Оның айтуынша, Қазақстанда ерлер көбіне ірі өнеркәсіп саласында, атап айтқанда, мұнай-газ, ауыр өнеркәсіп саласында жұмыс істейді.
«Алайда, соңғы уақытта бұл үрдіс өзгере бастады. Мысал ретінде «ТеңізШевройл», «Аджип» компанияларынан алынған есептерге сүйене отырып, мынадай мәселені айта аламын. Компаниялар ұсынған 7 лауазымның 4-іне әйел адамдар лайық болып танылған. Сондықтан, бұл жерде мәселе кәсіби біліктілікте болса керек», - деп қорытындылады депутат.