Қазақстанда бизнесті онлайн тіркеу! - EGOV.KZ уақыт пен қашықтықты қысқартады

Фото: None
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Бизнесті енді онлайн түрде тіркеуге болады.

Электрондық түрде өтініш толтырсаңыз болды, бір күннің ішінде (өтініш жолдаған соң) пайдаланушының жеке кабинетіне мемлекеттік тіркеу немесе мемлекеттік тіркеуден бас тарту тура лы электрондық анықтама түрінде жауап келеді. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Кәсіпкерлерге заңды тұлғаны тіркеу үшін мемлекеттік органға барудың қажеті жоқ. Бизнесті тіркеу рәсімін жылдамдату мемлекеттік қызметтердің автоматтандыру және оңтайландыру үдерісінің арқасында мүмкін болды.

Егер бұрын өтініш беруші мемлекеттік органға 5 және одан да көп құжаттармен келіп, 5 күннен 30 күнге дейін тіркелуді алу үшін деректерді тексеруді тосса, ал бүгінгі күні рәсімдеудің барлық уақыты электрондық түрде бір күннен көп уақытты алмайды, бұл ретте ешқандай құжаттарды талап етпейді.

Онлайн-өтінішті толтырудың кезеңінде жүйе кәсіпкерде жылжымайтын мүлігінің бар болуын автоматты түрде тексереді, санаулы уақыт ішінде тіркелген Заңды тұлға әрекеттегі, және т.б. атауының сәйкес келуіне тексеруді жүргізеді. Талаптардың біреуіне де сәйкес келмеген жағдайда өтініш беруші Заңды тұлғаны тіркей алмайды. Өтініш берушіні тіркеуден бас тартуды бес немесе одан да көп күн тосудың қажеті жоқ - онлайн жауап оған бір күннің ішінде порталға келеді.

egov.kz порталындағы өтініш бірнеше кезең бойынша толтырылады:

  • Электрондық үкіметтің порталында тіркелген соң мәлімдеуші «Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және филиал мен өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу)» қызметін таңдап қажетті өтініш түрін белгілейді, мысалы, ««Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталуы туралы хабарлама» (шағын кәсіпкерлік объектілері үшін).
  • Кейін мәлімдеуші өзі туралы мәліметтерін белгілейді - тіркелетін заңды тұлға, ұйымның аталуы, құрылтайшылар, тіркелетін заңды тұлғаның басшысы жөніндегі мәліметтер және т.б.
  • Содан соң мәлімдеуші тіркеу қызметтері үшін ақысын төлейді.

Тіркеу алымын осында egov.kz порталында төлеуге болады.

Бизнесті тіркеу бойынша электрондық қызметіне Қазақстан Республикасы барлық азаматтарының мүмкіншілігі бар. Оны алу үшін электрондық сандық қолтаңба қажет.

Бұл қызмет туралы толығырақ мына сілтеме бойынша https://egov.kz/wps/portal/ContentOnline?contentPath=/egovcontent/businessservices/business_/passport/pass042_mu&lang=ru , сонымен қатар, тәулік бойы жұмыс жасайтын call-орталықтың мамандарынан 1414 нөмірі бойынша біле аласыздар.

Кез келген ұялы немесе қалалық телефоннан бүкіл Қазақстан бойынша хабарласу тегін.