Қазақстанда болу ережесін бұзған ресейлік азаматша жауапқа тартылды - БҚО
13:27, 25 Қазан 2012
ОРАЛ. 25 қазан. ҚазАқпарат - Тасқала аудандық соты Қазақстанда болу ережесін бұзған ресейлік азаматша Б-ға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 394-бабы 3-бөліміне сәйкес әкімшілік істі қарады.
Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 21 қазан күні «Алматы-Мәскеу» бағытындағы №7 жолаушылар пойызын шекарашылар тексерген кезде аталған азаматшаның Қазақстанда болу мерзімін бұзғандығы белгілі болды. Яғни ол 18 күн ішінде, 3 қазанға дейін елден кетуі керек еді. Сол себепті ресейлік азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 40 АЕК көлемінде (64720 теңге) айыппұл салынды.