деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жүргізілген операцияның нәтижесінде Қазақстанда болу ережесін бұзғаны үшін 16 463 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 740-ы алыс шетел азаматы және 15 723-і ТМД азаматы»,- деді ол.
Сонымен қатар, елде болу мерзімі 5773 шетел азаматы үшін қысқартылды.
Шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалану ережесін бұзғаны үшін 394 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 4933 қазақстандық өздері шақырған шетелдіктердің болу шарттарын сақтауды қамтамасыз етпегені үшін әкімшілік тәртіппен жазаға тартылды.
Ал әртүрлі қылмыстар жасағандары үшін ТМД-ның 38 азаматы, олардың 6-уы есірткі сақтағаны және сатқаны, 2-уі қару мен оқ-дәрілер сақтағаны үшін ұсталды.