Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, бүгінгі таңда бір грамм алтынның бағасы 61 017 теңгені құрап отыр. Бұл бір күн бұрынғы көрсеткіштен 1440 теңгеге төмен. Кеше бағалы металдың бір грамы 62 457 теңгеден саудаланған болатын.
Аптадағы ең жоғары баға 7 шілдеде тіркелді. Сол күні бір грамм алтынның құны 62 791 теңгеге жеткен.
Ал World Gold Council дерегіне сәйкес, әлемдік нарықта 2 шілде күні алтынның бір грамы 130,48 АҚШ долларын құраса, бүгінгі күні 130,92 АҚШ долларына дейін төмендеген. Ал апта ішіндегі ең жоғары көрсеткіш 6 шілде тіркеліп, бір грамм алтынның әлемдік нарықтағы бағасы 134,86 АҚШ долларына жеткен.
Жалпы алғанда, бір апта ішінде Қазақстанда алтынның бір граммы 286 теңгеге арзандады. Бір апта бұрын оның бағасы 61 303 теңге болған.
Бұған дейін маусым айында алтын бағасы 12%-ға төмендегенін жазғанбыз.