Қазақстанда бір грамм алтын қанша тұрады

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде бір апта ішінде алтын бағасы түсті.

Фото: me.smenet.org

Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, 30 шілде таңертеңгі жағдай бойынша бір грамм алтынның бағасы – 61 889,33 теңге.

Бір апта бұрын ол 61 925,12 теңге болған, яғни 35,79 теңгеге арзандады.

Дүниежүзілік алтын кеңесінің деректеріне сәйкес, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында алтын нарығы қатты құбылып тұрды. Қаңтар айында алтын құнының тарихи ең жоғары деңгейі 12 рет жаңарып, бір троя унциясы үшін 5 405 АҚШ долларына жеткен. Алайда маусым айында баға 4 002 АҚШ долларына дейін құлдырады.

Ұйымның мәліметінше, жылдың екінші жартысында алтын бағасының өзгеруі геосаяси ахуалға, пайыздық мөлшерлемелерге және инвесторлардың көңіл-күйіне байланысты болады.

Нарықта қазіргі жағдай сақталса, алтын бағасы жыл соңына дейін бір троя унциясы үшін шамамен 4 100 АҚШ долларынан шамамен 5% жоғары не төмен деңгейде саудалануы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстанда Қытай азаматтары заңсыз алтын өндірісіне тартылғанын жазғанбыз.