Өрт ошақтары бірнеше өңірде анықталған. Атап айтқанда, «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде — бір, «Катон-Қарағай» ұлттық паркінде — бір, ал «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында екі өрт болған.
Мамандардың мәліметінше, өрттер мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің бақылауы және жедел анықтау жүйелері арқылы анықталған. Орман қызметкерлері мен арнайы техникалар дереу жұмылдырылып, өрт ошақтары қысқа уақытта оқшауланған. Соның арқасында жалынның таралу қаупі жойылған.
Алдын ала болжам бойынша, орман өрттеріне найзағай разрядтары себеп болуы мүмкін.
Еске салайық, 2026 жылғы 23 шілдеде еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 3 орман өрті тіркелген еді.