Ведомство мәліметінше, Ақмола облысында – 3, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде – 1 және Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 1 өрт ошағы анықталған.
Өрт ошақтары әуе патрульдеуі, арнайы ерте анықтау құралдары және мемлекеттік орман күзетінің күнделікті мониторингі барысында анықталды.
– Оқиға орындарында өртті тоқтату және оның аумағын шектеу үшін қажетті мамандар мен техника жұмылдырылды. Жұмыстарға мемлекеттік орман күзетімен қатар, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның әуе өрт сөндіру бөлімшелері, авиациялық техникасы және арнайы құралдары қатысуда, – делінген министрлік хабарламасында.
Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде жалынның жақын маңдағы елді мекендер мен орман алқаптарына таралу қаупіне жол берілмеді.
Қазіргі уақытта мамандар өрт ошақтарындағы жағдайды тұрақтандыру, өртті толық сөндіру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда.
Айта кетейік, ШҚО мектептерінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 2400-ге жуық фактісі тіркелді.