Елдегі көліктің көп бөлігі - 3,9 млн машина жанармаймен жұмыс істейді.
Тіркелген электромобиль саны бірден 10,4 есе, жанармаймен жүретін көлік - 14,9%, дизель отынымен - 12,2%, газ-баллон отынымен жүретіні 38,2% артқан.
Ал аралас типті көлік саны 19,3% көбейді.
Жалпы Қазақстандағы электромобиль үлесі автокөлік паркінің 0.11%-ін ғана құрайды.
Дегенмен былтырғы жылдың осы кезеңінде көрсеткіш тіркелген жеңіл көліктің 0,01%-не ғана жететін.
Өңірлер бойынша ең көп электромобиль Алматы қаласында тіркелді - 2,8 мың.
Екінші және үшінші орында Астана (550 электромобиль) мен Алматы облысы (208 авто) тұр.
Электрқозғалтқышы бар автокөлік Абай облысында ең аз болып шықты - 8.
Одан кейін 14 көлікпен Солтүстік Қазақстан облысы мен 21 автокөлігі бар Жетісу облысы орналасқан.